Қоғам

Қазақстанның бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане
Люди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда карантин шаралары қалай өзгеретіні туралы бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елдің денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар санитар дәрігер қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салуға қаулы етті.  

Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантин және санитариялық-дезинфекциялық режим сақталады.

Оқи отырыңыз: Жаңа қаулыда оқушылар мен студенттердің қалай білім алатыны нақтыланды

Ата-ана болудан үміттілер 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар мынадай өзгерістер енгізілді:

  • Ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), соның ішінде үйде және көп адам жиналатын басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
  • ойын-сауық мекемелерінің (жабық орындардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және тағы басқа), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салу;
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне тыйым салу;    
  • 2020 жылдың 25 желтоқсанынан 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жаңа жылдық ертеңгіліктер, мерекелік корпоративтер ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;
  • балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салу;
  • спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі оқу-жаттығу жиындарына және жарыстарға қатысуға кетуіне тыйым салу;
  • қаулы талаптарын сақтай отырып, ашық аспан астындағы аттракциондардың қызметіне рұқсат беру;
  • ашық аспан астында жеке және топтық ашық жаттығуларға рұқсат беру (бір топта 5 адамнан көп емес);  
  • ұлттық құрамалар, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беру (30 адамнан көп емес, дене қызуын өлшеу және спорт базаларында тұру керек);
  • өңірлер арасында жеке автокөлікпен жүруге рұқсат ету;
  • қоғамдық көліктерге, таксилерге, әуежайларға, ауладағы ойын алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитарлық-дезинфекциялық өңдеу жүргізу;
  • Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақытына және штат санына шектеу енгізе отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беру.   

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Жаңалықтар
0