Видео

Қоқыс арасынан табылған мысық таңғажайып жағдайда аман қалды

Жазылу
НовостиTelegram
Қоқыс өңдеу комбинатында сұрыптаушылардың мысықты құтқарып қалған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Ульянов ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істейтін қызметкер қоқысты сұрыптауға дайындап жатып, аузы байланған қаптың ішінен тірі мысық тауып алды.

Оның қоқыс тасымалдау таспасына қалай түскені белгісіз. Ал ішінде мысық салынған қапты қоқыс турау сепараторына түсіп кетуден санаулы секунд бұрын жұмысшылардың бірі оны ұстап үлгерді.

Мысық зардап шеккен жоқ, бірақ қатты шошып қалғаны анық.

Оқи отырыңыз: Бетперде таққан пілдердің видеосы жарияланды

Айта кетейік, бұл "Горкомхоз" қызметкерлері құтқарған алғашқы жануар емес. Соңғы екі ай ішінде сұрыптаушылар екі тасбақа мен африкалық кірпіні өлімнен аман алып қалды.

Мысықтың қалай құтқарылғанын видеодан қараңыз.

Жаңалықтар
0