Қоғам

Ешбір байланыссыз коронавирус жұқтырудың әдісі анықталды

© Sputnik / Владислав ВодневМедицина қызметкерлері
Медицина қызметкерлері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар бір үйде тұрғанымен ешқашан байланысқа түспеген, бірақ коронавирус жұқтырған тұрғындарға зерттеу жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Оңтүстіккореялық зерттеушілер көпқабатты үйлердің тұрғындары коронавирусты желдету арқылы жұқтыруы мүмкін деген тұжырым жасады.

Ғалымдар жүргізген зерттеу барысында бір үйдің әртүрлі қабатында тұратын адамдар ешбір байланыссыз-ақ COVID-19 жұқтырғанын анықтады, деп хабарлайды Fox News.

Олар тұрғын үйдің алтыншы қабатында тұратын әйелден, содан кейін оның отбасынан коронавирус табылғанын анықтады. Көп уақыт өтпей вирусты төртінші, оныншы және 11-қабат тұрғындары жұқтырды.

Бір қызығы індет жұқтырғандардың барлығы ешқашан бір-бірімен байланыста болмаған. Ал пәтерден тыс жерде үнемі бетперде тағып, қорғанып жүрген. Тіпті, олардың арасында екі адам тұрғын үйде ешқашан лифт қолданбаған көрінеді. Солай бола тұра, індет жұқтырған.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады

Осыдан кейін ғалымдар барлық пәтерлердегі жалпы желдету адамдардың инфекция жұқтыруының себебі болды деген қорытындыға келді. Вирус жуынатын бөлмедегі желдеткіш арқылы берілуі мүмкін дейді олар.

Жаңалықтар
0