Қару-жарақ пен жабдықты жеткізуге арналған америкалық бағдарламалар ең алдымен АҚШ-тың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне сәйкес келуі тиіс. Серіктес елдердің аймақтық тұрақтылығы мен қауіпсіздігі екінші орында тұрады.
Мемдепартаменттің ақпараты бойынша, жеткізілім құрамына екі KingAir B300ER Scorpion ұшағы, стационарлық және мобильдік жерден басқару станциялары, Raytheon AST TITAN Communications Intelligence датчиктерінің үш жиынтығы, LeonardoOsprey 30 электронды сканерлеуі бар үш AESA радиолокациялық жүйесі, техникалық құжаттама және ілеспе бағдарламалық жасақтама кіреді. Келісімшарт америкалық тараптың сервистік сүйемелдеуін қарастырады. Бас мердігер - SierraNevada корпорациясы.
АҚШ-тың Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі мамандандырылған агенттігі Қазақстан "Скорпиондар" арқылы болашақтағы қауіп-қатерлерге қарсы тұру мүмкіндігін кеңейтетінін айтты. Сондай-ақ, АҚШ-тың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздік мүдделері үшін АҚШ жүйелерін еш қиндықсыз қабылдайтынын да турасынан жеткізді. Ең қызығы, KingAir B300ER Scorpion ұшағы " күрделі жағдайда әскери әрекеттердің арнайы тапсырмаларын" орындауға арналған, радиоэлектрондық барлаудың жоғары технологиялық құралы болып табылады және шекарашылар үшін әуедегі барлаушы рөліне аса сәйкес келмейді. Сонда Қазақстан үшін мұндай "Скорпиондардың" не қажеті бар?
SierraNevadaCorporation - қолбасшылық пен басқарудың автоматтандырылған жүйелері, цифрлық электронды барлау мен байланыс әзірлемелері саласындағы көшбасшылардың бір. Компанияның мәлімдемесі бойынша, ол "ең күрделі операциялық тапсырмалардың" шешімдерін ұсынады.
Жеңіл бейімделетін SNC Scorpion платформасы және King Air B300ER модульдік конструкциясы "арнайы тапсырмаларды орындау үшін" конфигурацияны жылдам (алты сағат ішінде) өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның көршілес достас елдерін алаңдатуы мүмкін. Олардың екеуін АҚШ тікелей қарсыластар деп атағаны белгілі. Әрине, америкалық барлау технологияларынан ҰҚШҰ үшін қандай да бір пайда болады деп күтудің қажеті жоқ.
Норвегия әскери күштері бірнеше жыл бұрын сатып алынған F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшақтары машинаның барлық рейстері мен тапсырмалары туралы АҚШ-қа "есеп беретінін" байқаған болатын. KingAir B300ERScorpion ұшақтары да осы тектес сыртқы "басқару" тетіктерімен жабдықталмағанына кепілдік жоқ.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестік (ESPD) туралы жыл сайынғы диалогтың кезекті кезеңі туралы хабарлады. Вашингтон мен Нұр-Сұлтанның қауіпсіздік және терроризммен күрес мәселелері бойынша ынтымақтастығының оң дамуына көп көңіл бөлінген. Мысал ретінде Алматы маңында бүкіл Орталық Азия өңірінің шекарашыларына арналған оқыту орталығының салынуы айтылды. Сонымен қатар, Пентагонның әскери қауіптерін қысқарту агенттігінің (DTRA) есебінен күзде Өскеменде – Ресей шекарасынан 80 шақырым қашықтықта қауіпсіздік күштерінің оқу орталығы ашылды.
Қазақстанның шекарасы айтарлықтай тыныш. АҚШ-тың Қазақстан аумағына деген стратегиялық қызығушылығы, ең алдымен, Ресей мен Қытайдың жақын орналасуына байланысты. Вашингтон үшін бұл екі ел негізгі геосаяси қарсыластар болып отыр.