Оқиға

Алматыдағы түнгі клуб алдында ер адамды өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевЖұдырық пен пышақ, иллюстративті фото
Жұдырық пен пышақ, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ер адам 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Алматыдағы түнгі клубтардың бірінің маңында жастар арасында төбелес болып, нәтижесінде бір адам қайтыс болды.

Полицейлердің айтуынша, үш адам бірге отырып, алкогольдік ішімдік ішкен. Басқосудың соңы дауға ұласып, жанжал шыққан.

"Таныстар арасындағы төбелестен 1991 және 1992 жылы туған екі ер адам пышақ жарақатын алды. Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында қайтыс болды", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы оқиғаға байланысты күдікті ретінде 1985 жылы туған ер адамды полицейлер із суытпай ұстады.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 99-бабы екінші бөлігі ("адам өлтіру") бойынша тергеу жүргізілуде. Істі Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы жүзеге асырады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда полициядан көмек сұраған әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті

Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0