Өңірлер

Қай қала тұрғындары жылу үшін ең көп ақша төлейді

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиБатарея, радиатор отопления, иллюстративное фото
Батарея, радиатор отопления, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан қалаларындағы орталықтан жылыту үшін төленетін арзан және қымбат тарифтер рейтингісі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан — Sputnik.  Атырау, Шымкент және Алматы тұрғындары өзге қалалармен салыстырғанда, жылу үшін ең көп төлем жасайды, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Биыл қараша айында ел бойынша қалалық жылу беру тарифі бір гигакалорийіне 3,5 мың теңге болды. Бұл өткен жылдағыдан 0,2%-ке артық.

Атыраулықтар 5,5 мың, Шымкентте 5,1 мың және Алматыда 5 мың төлейді. Астаналықтар (2,4 мың теңге), павлодарлықтар (2,3 мың теңге) және Көкшетау тұрғындары (1,8 мың теңге) ең аз төлем жасайды.

Қаңтар-қараша айларында ел 72 миллион гигакалорий жылу энергиясымен қамтылды, өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ке аз.

Павлодар, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы ең көп жылу энергиясын өндірді. Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкентте, керісінше, ең төмен көрсеткіш.

Жаңалықтар
0