Әлем

Ер адам бір жылдан астам уақыт бойы үйінде анасының мәйітін сақтады

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол анасын жерлеуге қаражат болмағанын айтып отыр. Сондықтан денесін кілемге орап, пәтерде қалдырыпты

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан — Sputnik. Ресейдің Самара қаласының тұрғыны 16 ай бойы анасының мәйітін үйінде сақтады, деп хабарлайды жергілікті "Россия Самара" телеарнасы.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды. Марқұмның ұлы мүгедек екені белгілі болды. Ол анасы өткен жылдың 19 тамызында қайтыс болғанын айтты. Жерлеуге қаражат болмағандықтан, денесін кілемге орап, бөлмеде қалдырғанын жеткізді.

23 желтоқсан күні үйіне танысы келген. Ішімдік ішпек болған кезде ол болған жағдайды жасырмай айтқан. Танысы полицияға хабарлады.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз: "Денесін бөлшектеп тастаған": Қарағанды облысында қылмыс ашылды

Жаңалықтар
0