Елорда тынысы

Елордада жексенбі күні автобустар жүретін болды

© Sputnik / Тимур БатыршинБорцы с инфекцией - они обрабатывают автобусы и троллейбусы после каждого рейса
Борцы с инфекцией - они обрабатывают автобусы и троллейбусы после каждого рейса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін әрбір жексенбі сайын автобустар қозғалысы тоқтатылып келген. Соңғы рет Тәуелсіздік күніне орай демалыс күндерінің ауысуына байланысты жексенбіде қоғамдық көлік қатынайтын болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Алдағы жексенбі, 27 желтоқсанда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "CTS" компаниясына сілтеме жасап.

"Жексенбі күні, 27 желтоқсанда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар сағ. 23:00-ге дейін қалыпты жұмыс істейді. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді", - делінген ресми хабарламада. 

Ал ертеңнен бастап № 8 бағдардың қозғалыс сызбасын өзгереді. Атап айтқанда, Болашақ көшесінен бастап Мұстафин көшесі  мен Қобыланды батыр көшесінің қиылысына дейінгі қозғалыс өзгеріссіз қалады. Одан әрі Қобыланды батыр көшесіне оң жаққа бұрылып, Дегелең шолақ көшесіне дейін жүреді. Ал кері бағытта қозғалыс өзгермейді. 

Сондай-ақ, 26 желтоқсаннан бастап, сенбі күні № 4, 71 бағдарлардың Ұлытау көшесіндегі бұрылу алаңы екі жаққа Ақмола көшесі аумағынан Қарасу көшесіне ауыстырылады.

Бұл көліктің көше бойында жиналуын болдырмау, аудандағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін жасалғаны айтылып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін әрбір жексенбі сайын автобустар қозғалысы тоқтатылып келген. Соңғы рет Тәуелсіздік күніне орай демалыс күндерінің ауысуына байланысты жексенбіде қоғамдық көлік қатынайтын болды.

 

Жаңалықтар
0