Қоғам

Ұйықтатып кеткен: Нұр-Сұлтанда бір-біріне ұқсас екі қылмыс жасалды

CC0 / Maura Barbulescu / Влюбленная пара
Влюбленная пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші жағдайда әйел ұйықтап жатқан ер адамның ақшасын үптеп кеткен, ал екінші жағдайда ер адам әйелді тонаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Жаңа танысымен қонақүйде кездесу өткізген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны сан соғып қалды.   

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Әлем
Кореяда қонақүйде мауқын басқысы келгендер бүкіл әлемге масқара болды
Ер адам интернетте 54 жастағы елорда тұрғынымен кездескен. Жұп қонақүйде кездесу ұйымдастырып, алкогольді ішімдік ішкен. Әйел жаңа танысының ұйықтағанын күтіп, телефон арқылы оның шотынан өзінің шотына 115 мың теңге аударып алған. Ер адам оянған кезде әйел де, ақша да болмаған, ол полицияға арызданды.  

Ұсталған әйел кінәсін мойындап, ақшаны қайтарып берді. Тергеу жүргізілуде, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Екінші жағдайда да әлеуметтік желіде танысқан қыз бен ер адам қонақ үйлердің бірінде кездескен. Ер адам қыздың ұйықтап қалғанын пайдаланып, оның 70 мың теңге тұратын Samsung телефонын ұрлап кеткен.

Полиция күдіктіні анықтады, ол 38 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының жұмыссыз тұрғыны болып шықты, күдікті кінәсін мойындады. Телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полиция азаматтардан қырағылық танытып, бейтаныс адамдарға сенбеуді сұрайды.

Жаңалықтар
0