Социалистер партиясынан Молдова парламентінің мүшесі атанған Богдан Цырдя батыс үкіметтік емес ұйымдарының ықпалын бұрынғы кеңестік республикалардың барлығында байқауға болады деген сенімде. Ол Sputnik-ке осы құрылымдардың қалай жұмыс істейтінін және олар қандай мақсатқа қол жеткізіп жатқанын айтып берді
Нақты деректермен дәлелдеу
Богдан Цырдя Сорос қоры мен Конрад Аденауэр қоры Молдованың бірқатар үкіметтік емес ұйымдарын қаржыландыратынына сенімді. Бұл үкіметтік емес ұйымдар өздерінің іс-әрекеттерін демеушілердің, соның ішінде саяси мүдделер үшін бір-бірімен үйлестіреді. Саясаткер бұл тезисті өзінің "Гражданское общество Молдовы: Спонсоры. НПО-кратия. Культурные войны" кітабында 1500 сілтемеге сүйене отырып, нақтылайды.
"Кітап молдова тілінде шыққаннан кейін (орыс тіліндегі шығарылым 2021 жылдың көктеміне жоспарланған – Sputnik) оған қатысты пікір білдіру көп күттірмеді. Еуроодақтың Молдовадағы миссиясының басшысы Петер Михалко, содан кейін Голландаядағы елші мен Сорос қоры бірден үн қатты", – дейді ол.
Богдан Цырдяның кітабы 759 беттен тұрады. Ол осы жылдың 21 қазанында жарық көрді және дәл сол күні кешке Сорос қоры оны "Молдованың азаматтық қоғамына жасалған өрескел шабуылдар" деп атады.
"Олардың осылай пікір білдіруі "оқымадым, бірақ оны айыптаймын" дегенді білдіреді. Менің еңбегім демократия негіздеріне, заңның үстемдігіне және жалпы еуропалық құндылықтарға қауіп төндірді деп сыналды. Егер қор сөз бостандығын жақтайтын болса, неге алдымен кітапты талқыламасқа? Сіздер мұнда өтірік пен бұрмалаушылық бар деп ойласаңыздар, мінекей, 1519 сілтеме мен 600 дереккөз. Пікір таласқа дайынмын", – деді Богдан Цырдя.
Қарсыластар жауап берудің орнына үнсіз қалды, деп атап өтті депутат.
"Бастапқыда ҮЕҰ бізді сандарды бұрмалайды деп айыптады. Кейін баспасөз мәслихатында мен олардың қаржылық есептерінің скриншоттарын көрсеттім. Әрине, олардың қолында бұл фактіні жоққа шығаратын ешнәрсе болған жоқ, тек менің кітабым біреу үшін қауіп төндірді", – дейді автор.
Қызмет көрсету саласы
Посткеңестік елдерде үкіметтік емес ұйымдар – бұл азаматтық қоғам мен теңдіктің белгісі деген идея белсенді насихатталуда. Бірақ бұл олай емес, дейді Богдан Цырдя. Сырттан қаржыландырылатын ұйымдардың жергілікті мәселелермен нақты байланысы шамалы – тек демеушілердің күн тәртібінде бекітілген нәрсе ғана.
"Мысал ретінде Молдованы алайық. Мұнда ҮЕҰ қандай проблемалар көтереді? Радикалды феминизм, ювеналды әділеттлік, олардың түсінігіндегі демократияландыру. Ал енді бұлардың біздің проблемаларымызға қандай қатысы бар? Біздің проблемаларымыз – кедейлік (Еуропадағы ең кедей елміз), жемқорлық пен жұмыссыздық бойынша біз Украинамен бәсекеге түсеміз. Біздің әрбір үшінші азаматымыз шетелде", – деп жазады автор.
Оқи отырыңыз: Оқи отырыңыз: Майкл Помпеоның Орталық Азияға сапары қалай өтті?
Батыс қорларының қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және демократияны орнату сияқты ізгі мақсаттарды сөз жүзінде көздейді деп атап өтті саясаткер. Алайда, іс жүзінде барлығы бақылаумен және әртүрлі тізімдер құрумен ғана шектеледі – мысалы, сөз бостандығы рейтингіне немесе демократия индексіне қарайық.
"Бірақ олар шынымен де жағдайды өзгертпейді. Молдова үкіметтік емес ұйымдарының бюджетін қараңыз – бұл миллиондаған доллар. Ал қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі – білім беру бюджеті әлдеқайда аз. Еуропалық құрылымдар Молдоваға ақша береміз деп айтуды ұнатады, бірақ ол шынымен қайда? Сот төрелігін реформалауға бөлінген 100 миллион еуроның 10 проценті ғана сотқа арналған жабдықтарға жұмсалды. Оның өзінде негізгі бөлігі – сот төрелігін реформалайды деген кеңселер мен кофе-брейктерге бөлінді. Нәтижесінде, қор өзін-өзі қаржыландырды деген сөз", – дейді Богдан Цырдя.
Барлық елдерде Сорос қоры қаржыландыратын ұйымдар бірдей әрекет етеді және олар жұмыс істеудің екі нұсқасын ғана қолданады, дейді Богдан Цырдя.
"Айталық, Сорос қоры бір уақытта барлық жерде пайда болды және алдымен тарихқа арналған кітаптарға демеушілік жасады. Бұл туралы не жазылды? Олар әр елдің артта қалғанын және қазір оған қалай көмектесетіндерін түсіндірді. Содан кейін қор гранттық жобалар ашты. Не үшін? Жастардың ақыл-ойын тарту үшін. Семинарлар мен зерттеулерге қатыстыру арқылы олардың өз мемлекеттері туралы ақпараттар ұсынғанын өздері түсінбеді деп болжанады. Өйткені, 1990 жылдары бұл мәселеде ешкім бақылау жүргізбегендіктен, барлық жерде былық болды", – деп санайды саясаткер.
Әрине, іс-әрекеттің бастапқы бағыты – жұмсақ әрі жайлылық, деп түсіндіреді Цырдя.
"Ең алдымен қор елде ашылып, ҮЕҰ мен коммерциялық емес ұйымдарды құрады. Содан кейін ол басқа құрылымдарды қаржыландыруды бастайды. Осылайша, елдің мүддесіне емес, демеушілерге қызмет ететін желі құрылады. Желілік қағидаға сәйкес қор кейін өз адамдарын күш құрылымдарына көтереді".
Богдан Цырдя бұл дәйегі етіп Арменияны келтіреді. Онда Никол Пашинян кезінде Сорос құрылымдарының адамдары жоғары лауазымды шенеуніктер ретінде көптеп шықты.
Сондай-ақ, Молдова саясаткері Беларусьтегі толқуларды да әртүрлі қорлардың қатты әсер етуінің мысалы деп атайды.
"Батыс Беларусь оппозициясын ашық түрде қолдайды (11 желтоқсанда Еуропалық комиссия республикадағы азаматтық қоғамды қолдау үшін 24 миллион еуро бөлуді мақұлдады – Sputnik). Менің ойымша, Беларусьте ешкім жергілікті қорлардың қызметін терең талдаған жоқ және жай жерден революция пайда болмайтыны белгілі. Ол үшін де жағдай жасалуы керек", – деп қорытындылайды Богдан Цырдя.