НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде өтіп жатқан AMC Fight Nights Global Winter Cup турнирі кезінде орта салмақтағы AMC Fight Nights Global чемпионы Владимир Минеев пен орта салмақтағы АСА спортшысы Магомед Исмаилов төбелесіп қалды, деп хабарлайды ТАСС.
Октагон төрінде өзара сөзге келіп қалған спортшылар арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты. Ал оларды ажыратуға арнайы жасақтың араласуына тура келді.
😱🔥 Минеев и Исмаилов устроили массовую драку на Fight Nights. В клетку зашла даже полиция 👮♂️
— Матч ТВ (@MatchTV) December 24, 2020
👊 После одного из поединков турнира Минеев забрал микрофон и вызвал Исмаилова, обвинив Магу в трусости. Все закончилось массовой потасовкой прямо на месте 🧨 pic.twitter.com/hKvWZceqVm
Екі спортшы да жарақат алып, мұрындарынан қан кеткен. Бұл туралы Исмаиловтың ағасы Рамазан Исмаилов хабарлады.
"Жекпе-жек ұйымдастыру қажет пе? Егер осындай мүмкіндік болса, Магомедтің мұрны сынып, қан кетпес еді. Минеев те жарақат алмаған болар еді", – деп мәлімдеді ол.
Исмаилов пен Минеев бұған дейін Fight Nights Global 90 турнирінде 2018 жылдың қазан айында кездескен. Сол кездегі жекпе-жек тең аяқталған.
Оқи отырыңыз: Каратэ турнирі кезінде жаппай төбелес болды – видео
Айта кетейік, 34 жастағы Исмаиловтың есебінде 17 жеңіс, екі жеңіліс және бір тең ойын бар. Ал 30 жастағы Минеев 14 жеңіс пен бір жеңіліс және бір тең түскен нәтижеге ие.