Әскери-теңіз күштерінің әлеуеті артқан жыл

© Photo : Официальный сайт Минобороны РКӘскери кемелер, архивтегі сурет
Әскери кемелер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік флот 2020 жылды сандық және сапалық жағынан айтарлықтай ауқымды өсіммен аяқтағалы отыр. Әскери-теңіз флотының кемелері, авиация және жағалау әскерлері Ресей Федерациясының қауіпсіздігін сенімді түрде қамтамасыз етеді

Бұл үшін заманауи қару-жарақ пен жабдықтар, барлық қамсыздандыру түрлері, трансконтиненталдық логистика мен ғарыштық барлау деректері бар. Зымырандық суасты атомдық крейсерлері дүниежүзілік мұхиттың белгіленген аймақтарында үздіксіз жауынгерлік қызметті жүзеге асырады.

2020 жылы Ресей әскери-теңіз флоты 40-қа жуық су үсті кемелерін, сүңгуір қайықтар мен қамсыздандыру кемелерін алды. Соның ішінде "Борей-А" жобасының "Булава" континентаралық баллистикалық зымырандарымен қаруланған "Князь Владимир" атомдық суасты бас крейсері де бар.

Боец отряда специального назначения МВД Чеченской Республики во время учений в районе Северного полюса - Sputnik Қазақстан
Әлем
Норвегиядағы жерасты әскери-теңіз базасына қызығушылық артты
Американың Military Watch аналитикалық басылымы "Борейлер" туралы былай деп жазды: "Жаңа кемелер төрт қосымша зымыран қондырғысымен жабдықталған. Олардың әрқайсысы 6-10 ядролық оқтұмсықты алып жүретін жалпы саны 16 континентаралық баллистикалық зымыранды құрайды".

Ресей гипердыбыстық жүйеге басымдық бере отырып, зымырандық-ядролық флот салып жатыр. 2020 жылы алынған жеті соғыс кемесі мен 955А және 885М жобаларының екі атомдық суасты қайықтарынан басқа үлкен қашықтыққа жүзетін суүсті кемелерінің 16-сының құрылысы мен 19-ының модернизациясы жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, "Борей-А" жобасының стратегиялық субмариналарының, "Ясеней-М" көпнысанды атомдық машинасының, 636.3 жобасының дизель-электрлік суасты қайықтарының құрылысы да жүріп жатыр. Салынып және жаңғыртылып жатқан алыс теңіз қашықтығына жүзетін әскери кемелердің жалпы саны 41 бірлікті құрайды. Бұл болашақ үшін тиімді салым. Флот 2021 жылы төрт сүңгуір қайығын, алты су үсті кемесін, 20-дан астам катер мен қамсыздандыру кемесін, сондай-ақ ондаған жаңа ұшақты қабылдауды жоспарлап отыр.

Бір жыл ішінде Әскери-теңіз флортының жауынгерлік құрамында жаңа мотоатқыштар дивизиясы мен жағалаудағы зымырандық бригада құрылды. Қара теңіз флоты мен Каспий флотилиясының әскери инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Севастополь мен Калининградта әуе нысандарын көкжиектен тыс анықтауға арналған "Яхрома" радиолокациялық станциясының құрылысы басталуда.

Жалпы құны 551 миллиард рубльді құраған 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік қару-жарақ бағдарламасы сәтті аяқталды. Әскери-теңіз флотындағы заманауи қару-жарақтың деңгейі 63%-тен асты (жалпы РФ қарулы күштерінде 70,1%). Ресей қару-жарақ деңгейі бойынша жарысып жатқан жоқ. Сондықтан, осы жылы әскери шығындар бойынша әлемдегі 8-ші орыннан 9-шы орынға төмен түсті. Бұл тізімде орыстардың алдында АҚШ, Қытай, Сауд Арабиясы, Үндістан, Ұлыбритания, Германия және Жапония тұр.

Әскери-теңіз флотының зымырандық қаруларды соғыста қолданудың жаңа технологияларын игеруінде сапалы серпін орын алды. Теңізде орналастырылатын "Циркон" гипердыбысты зымыранының бірнеше сәтті сынақтары 2020 жылды "цирконды" жыл деп атауға мүмкіндік береді. 21 желтоқсанда өткен қорғаныс министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында Ресей президенті Владимир Путин әскери-теңіз флотының су үсті кемелері мен суасты қайықтарын "Циркон" гипердыбыстық зымырандарымен қайта қаруландыру туралы мәлімдеді.

Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жылды қорытындылай келе, Ресей әскери-теңіз флотының кемелері 2020 жылы дүниежүзілік мұхиттың барлық стратегиялық маңызды аймақтарына 140 саяхат орындап, 28 мемлекеттің порттарына 122 сапар жасағанын атап өтті.

Қазақстанға Иран Әскери-теңіз күштерінің кемелері келіп жетті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанға Иран Әскери-теңіз күштерінің кемелері келіп жетті
"Мұхит қалқаны" атты ауқымды түраралық оқу-жаттығулар да үлгі аларлықтай дәрежеде өтті. Бұл шарада күштер мен техника топтары Солтүстік теңіз жолын қоса алғанда үш мұхит пен тоғыз теңіздің суларында Ресейдің ұлттық мүдделерін тиімді қорғау қабілетін көрсетті. Бүгінгі күні флот жасанды интеллект элементтері бар жаңа жауынгерлік шептер мен техникаларды игеруге бет бұруда.

Ресей әскери-теңіз флоты мен ресейлік қарулы күштердің басқа да түрлерін белсенді қалыптастыру және жетілдіруге мәжбүр. Өйткені, елдің егемендігі мен ресейлік одақтастардың мүдделері сенімді, кепілдендірілген қорғауды қажет етеді.

Сергей Шойгудің ақпараты бойынша, 2020 жылы Ресей шекаралары маңындағы америкалық соғыс ұшақтары мен кемелерінің барлау әрекеттерінің қарқыны 15%-ке өсті. АҚШ Германиядағы жауынгерлік бөлімшелерді Польшаға және Балтық елдеріне қайта орналастыра бастады.

Арктика аймағында Америка кемелерінің қатысуы артып келеді. Бір уақытта Ресейдің батыс, оңтүстік және шығыс шекараларында өткізілетін НАТО оқу-жаттығулары қалыпты жағдайға айналды. Тамыз-қыркүйек айында оқу-жаттығуларға 55 жауынгерлік ұшақ, оның ішінде стратегиялық бомбалаушылар мен дәлдігі жоғары қару-жарақ тасымалдайтын 12 кеме қатысты.

 

Жаңалықтар
0