Саясат

Сауда және интеграция вице-министрі ауысты

© Sputnik / Абзал КалиевКадровые перестановки, иллюстративное фото
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылдың шілдесінен бастап бұл қызметті Азамат Асқарұлы атқарған болатын. Ол жұмыстан кетуге өзі өтініш жазған

АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. Үкімет қаулысымен сауда және интеграция вице-министрі ауысты. Бұл қызметке Ержан Қазанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін бұл қызметті 2019 жылдың шілдесінен бастап Азамат Асқарұлы атқарды. Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол қызметтен кетуге өзі өтініш жазған.

Қазанбаев туралы не білеміз

Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

2006 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген. 
Еңбек жолын 2008 жылы "Экспресс Банк" АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сонымен қатар коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.  

2010-2012 жылдары ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат департаментінің инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы болды.

2012-2013 жылдары ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2013 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің мемлекет міндеттемелері басқармасы саясат басқармасының басшысы болды.

2013-2016 жылдары ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары болды.

2016-2019 жылдары ҚР ұлттық экономика министрлігінің экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды. 

2019 жылдың шілдесінен қазірге дейін ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0