НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан — Sputnik. Шымкентте 12 жасар бала 8-қабаттан құлап кетіп, ауруханада қайтыс болды.
Ол 23 желтоқсан сағат 00:45-те көз жұмды, деп хабарлайды Otyrar.kz басылымы.
Ер бала ауруханаға 22 желтоқсан сағат 21.15-те түскен. Ол жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Кезекші реаниматолог, хирург, травматолог консилиум құрды. Тиісті шаралар қабылданған, баланың екі рет жүрегі тоқтады.
Ол жабық бассүйек-ми жарақатын алып, бассүйегі сынып, миы, кеуде қуысы мен ішінің жарақаттанған. Сондай-ақ, денесі, беті мен шынтығына зақым келді.
Бұған дейін трагедия кезінде баланың ата-анасы пәтерде болмағаны айтылған еді. Ал балаға туыстарының бірі қарауы тиіс болған.