Оқиға

Астаналық әйел қызын аязда киімсіз үйден шығарып жіберді – сурет желіде тарады

© Photo : Рixabay/TatlinРука на стекле
Рука на стекле - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желі қолданушысы дабыл қағып, өз парақшасында жағаұстатарлық жағдай туралы жазба жариялады. Оның сөзіне қарағанда, суретті әйелдің көршілері түсірген

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Елорданың Сарыарқа ауданында әйел 8 жастағы қызын ішкиіммен ғана далаға шығарып жіберді. Суреттер Facebook әлеуметтік желісінде тарады. 

Желі қолданушысы Ильмира Жұмат дабыл қағып, өз парақшасында жағаұстатарлық жағдай туралы жазба жариялады. Оның сөзіне қарағанда, фотоны көршілер түсірген. Одан кейін журналистерге жіберді. 

 

"Бір суретте кішкентай қыз дәлізде суық еденде ұйықтап жатыр. Ал басқа фотолардан ішкиіммен жалаңаяқ далада отырғанын көруге болады", - деп жазды Жұмат.

Sputnik Қазақстан тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне хабарласып, оқиғаның мән-жайын білді.

"23 желтоқан күні кешкі сағат 21.20-да полицияға елорда тұрғыны көршісі алты жасар ұлын ұрып жатқанын, ал сегіз жастағы қызын далаға қуып жібергенін хабарлады. Полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді анықтады. Оның айтуынша, балалар ойнаймыз деп, көршінің кірқыстырғыштарын рұқсатсыз алған. Сол үшін жазасын бергісі келген", - дейді құқық қорғаушылар.

Қалалық департаменттің ювеналды полициясы отбасыны есепке алды. Ал полицейлер мен білім басқармасы балалардың заңды тұлғаларына қатысты тиісті шешімді шығару үшін мәселенің мән-жайын анықтауға кірісті.

Жаңалықтар
0