Қоғам

Министр жоғары сынып оқушылары үшінші тоқсанда қалай оқитынын түсіндірді

© Sputnik / Абзал КалиевРазметка на парте в дежурном классе для соблюдения социальной дистанции
Разметка на парте в дежурном классе для соблюдения социальной дистанции  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушылар бағдарламаның 70%-ін дәстүрлі режимде және қалған 30%-ін қашықтан оқиды, деп атап өтті Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үшінші тоқсанда 9,11,12-сынып оқушылары қалай оқитынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін коронавирустың таралуы жөніндегі ведомствоаралық комиссия үшінші тоқсанда 9,11,12-сыныптар аралас оқу форматына көшетінін мәлімдеген еді.

"Мен мұны өте маңызды шешім деп санаймын. Бұл шешім, ең алдымен, бірнеше айдан кейін қорытынды аттестация, яғни мемлекеттік емтихан тапсыратын балаларға қатысты. Олар тоғызыншы және он бірінші сыныптар. Оқушылар бағдарламаның 70%-ін дәстүрлі режимде және қалған 30%-ін қашықтан оқиды. Аралас оқыту дегеніміз осы", - деп түсіндірді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырған Аймағамбетов ағзасында қандай өзгеріс болғанын білді 

Министрдің айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу мен қорытынды аттестацияға кіретін пәндер мектепте оқытылады. Олар: математика, қазақ тілі,  орыс тілі, шет тілі, физиака, химия, биология, алгебра, геометрия және тағы басқа.

"Мектептерде санитарлық нормалар сақталады. Бұл бір кабинет, әртүрлі уақыттағы үзіліс, әлеуметтік арақашықтық", - деді ведомство басшысы.

Айта кетсек, колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері де II семестрден бастап аралас оқыту форматына көшеді.

Жаңалықтар
0