Өңірлер

Жаңа жылда үйге қанша адам шақыруға болады

Новогоднее оформление города Нур-Султан
 Новогоднее оформление города Нур-Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, бір үйде тұратын адамдар бір жерге жинала алады, деп атап өтті Жандарбек Бекшин

АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа жылда үйге қанша адам жиналуға болатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біздің заң бойынша 10 адамнан көп адамның бас қосуы жаппай жиналу болып саналады. Жаңа жыл – отбасылық мереке. Бір үйде тұратын адамдар бір жерге жинала алады. Ол – ата-әжесі, ата-анасы мен балалар. Егер бір үйде 15 адам болса, олар күнделікті бір-бірімен байланысады. Сол себепті ол бір отбасы болса, бір үйде тұрса, отбасы мүшелері Жаңа жылды бірге тойлай алады", - деді Бекшин.

Қаланың бас санитарының айтуынша, қазіргі инфекцияның таралу қарқынын ескеріп, басқа адамдармен байланысты азайту қажет.

"Жасыратыны жоқ, қазір жағдай күрделі болып отыр. Қазір Алматы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұр. Барлық сақтық шарасын ашық ауада ғана емес, отбасы ішінде де сақтау қажет. Талапты сақтаған жағдайда инфекцияға қарсы тұра аламыз", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар Бекшин қала жастарына үндеу жасады. Оларды карантин шараларын сақтап, ұжымдық іс-шараға бармауға шақырды. Айтуынша, бұл отбасындағы басқа адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

Оқи отырыңыз: Бекшин Қазақстанда тіркелген вакцинаны салдыратынын мәлімдеді 

"Алматы қашан да зияткерлік пен Қазақстанның мәдени ошағы болды. Ата-аналар мен жастар барлық санитарлық норманы сақтайды деп үміттенеміз", - деді Бекшин.

Оның айтуынша, жастарда коронавирус симптомсыз түрде өтеді. Ал олар ата-анасы мен үйіндегі егде жастағы адамдарға жұқтыруы мүмкін.

Айта кетейік, қалада пандемия басталғалы 17 790 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, бірінші тамыздан бастап 1 349 пневмонияға шалдықты.

Жаңалықтар
0