Астрономия әлеміне қызығатындар сирек кездесетін табиғат құбылысының суреттерімен бөлісуде. Мұның сыры сол, араға жүздеген жыл салып Сатурн мен Юпитер планетасы бір-біріне минималды арақашықтықта жақындады.
Кәсіби фототехникалық жабдықтар мен телескоптардың көмегімен ғаламшарлардың мұндай "кездесуі" әлемнің әр түкпірінен түсірілді.
Тіпті, кейбір кадрларда Сатурнның сақиналары да анық көрінеді.
Күн жүйесіндегі ең үлкен планеталар – Сатурн мен Юпитердің бір-біріне жақындауы ғарыштық өлшемдер бойынша өте аз қашықтықта болды. Яғни, 750 миллион шақырым.
Жерден қарағанда олар бір аспан денесіне ұқсады.
Ғалымдардың пікірінше, мұндай ғарыштық құбылыс соңғы рет 1623 жылы шілде айында болған. Ал кейбір астрономдар 800 жыл бұрынғы уақытқа кейін шегініп, орта ғасырлардағы "Ұлы жақындасу" күнін, яғни 1226 жылдың 4 наурызы дегенді алға тартты.
Оқи отырыңыз: Сүйіспеншілік пен шеберлік және тылсым дүние: қуыршақтар қалай жасалады – фото
Олардың айтуынша, планеталардың бір-біріне едәуір қашықтықта жақындасуы әрбір жиырма жыл сайын қайталанып тұратын көрінеді. Ал мұндай құбылыс Юпитердің Күнді он екі жыл сайын, ал Сатурнды – отыз жыл сайын айналып өтуімен байланысты.
Астрономдардың пікірінше, 2020 жылы алып планеталарының "ғажайып қозғалысын" 25 желтоқсанға дейін тамашалауға болады.