Қоғам

Аймағамбетов аязда далада отырған қыз туралы: қатаң шаралар қабылданады

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр образования Асхат Аймагамбетов
Министр образования Асхат Аймагамбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр сегіз жасар қыз тұратын үйге қамқорлық органдары мен ювеналды полиция жіберілгенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Білім министрі Асхат Аймағамбетов астанада анасы киімсіз далаға шығарып жіберген қыз туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қыз бала қыста далада киімсіз отыр...Шынын айтсам, мен мұны түсінбеймін. Бірдеңе деп айту да қиын. Біреулер баласының қызығына тоймайды, енді бірі бала сүюді армандайды, ал кейбір отбасыларда, өкінішке қарай, осындай сұмдық жағдайлар болып жатады", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол қыз тұратын үйге қамқорлық органдары мен ювеналды полиция жіберілгенін айтты.

"Әрине, мұндай кезде мемлекет шет қалмауы керек. Сол себепті қамқорлық органдары бірден оқиға орнына аттанып, тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Әзірге бір нәрсе айту ерте. Мән-жайды, себептерін анықтау қажет. Заң аясында ең қатаң шаралар қабылданады", - деді министр.

24 желтоқсанда Facebook әлеуметтік желісінде кішкентай қыздың далада ішкиіммен отырған суреттері тарады. Анықталғандай, елорданың Сарыарқа ауданында әйел 8 жастағы қызын далаға шығарып жіберген. 35 жастағы ана көршінің кірқыстырғыштарын рұқсатсыз алғаны үшін баласын осылай жазаламақ болған.

Жаңалықтар
0