Қоғам

ОСК Ассамблеяның атынан сайлауға түсетін кандидаттарды тіркеді

© Sputnik / Тимур БатыршинШамалған ауылында өткен түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен өткен шара
Шамалған ауылында өткен түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен өткен шара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ассамблея депутаттарының сайлауы мәжіліс пен мәслихат сайлауы өткен соң, келесі күні ұйымдастырылады. Бұл жолғы дата 11 қаңтарға дөп түсіп тұр

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан парламент мәжілісінің депутаттығына ұсынылған кандидаттарды тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында алдағы парламент мәжілісінің сайлауына 9 кандидат ұсынылған болатын. Олар:

  • Сауытбек Әбдірахманов – ҚХА-дан сайланған, мәжілістің VІ шақырылымының депутаты;
  • Аветик Амирханян – Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Ильяс Буларов – Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі;
  • Наталья Дементьева – "Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі" КММ директоры;
  • Юрий Ли – "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы;Вакиль Набиев – "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті;
  • Шамиль Осин – "Қазақстан татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты;
  • Владимир Тохтасунов – "ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры;
  • Абилфас Хамедов – "Әзербайжандықтар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

Орталық сайлау комиссиясы барлық үміткерді бірауыздан бекітіп, тиісті қаулыны мақұлдады. Ал комиссия төрағасы кандидаттарға тиісті куәлік таратып беруді тапсырды.

Ассамблея депутаттарын сайлау қашан өтеді

Қазақстанда мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Онымен бірге мәслихаттар сайлауы да ұйымдастырылады. Ол заңға қайшы емес. Себебі екі сайлау да партиялық тізімдер бойынша өтеді.

Ал Ассамблея депутаттарының сайлауы мәжіліс пен мәслихат сайлауы өткен соң, келесі күні ұйымдастырылады. Бұл жолғы дата 11 қаңтарға дөп түсіп тұр.

"Парламенті мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлаушылар тізіміне Ассамблеяның барлық 504 мүшесі енгізіледі. Осыған байланысты, резервті қоса алғанда, дайындалуға жататын сайлау бюллетеньдерінің саны сайлаушылардың, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің жалпы санының бір пайызы – 509 (бес жүз тоғыз) дана", – дейді ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев.

Оқи отырыңыз: Тоқаев 2021 жылдың басында жаңа реформалар пакеті жарияланатынын айтты

Айта кетейік, алдағы сайлауда мәжілістегі орындарға бес партия таласады. Олар:

  • Nur Otan;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы;
  • Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер);
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Адал" партиясы.
Жаңалықтар
0