НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Қытайдың сейсмологиялық орталығы Цинхай провинциясында метеоритке ұқсас нысан құлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бүгін таңда Цинхай провинциясының Юйшу уезінде метеорит құлады деген болжам бар. Цинхай провинциясының сейсмологиялық орталығы бұл оқиғаны жергілікті уақыт бойынша 7.25-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 5.25) тіркеді", – делінген хабарламада.
Бұл жағдайға қатысты өзге ақпараттар жарияланбады.
Белгісіз заттың құлаған сәті таңғы уақыт болғандықтан, Юйшу тұрғындарының көпшілігі оны байқап үлгерген. Сондықтан да қолданушылар сол сәтте түсірілген видеоларды әлеуметтік желілерде жариялай бастады.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Кёнхи университетінің профессоры (Корея Республикасы) Евгений Зубко РИА Новости агенттігіне Қытайда құлаған метеоритке ұқсас нысанның радиусы 1 метрге дейін және массасы шамамен 10 тонна болуы мүмкін екенін айтады.
"Көп жағдайда метеорит атмосфера ағымына енген кезде 3-4 мың градусқа дейін қызады. Салдарынан көзге көрінетін диапазонда жарқыл пайда болады – оны жай көзбен де көруге болады. Бұл объектінің радиусы шамамен 1 метрді құрап, салмағы 10 тоннадан асуы мүмкін. Мұндай үлкен көлемдегі метеориттер өте сирек кездеседі. Тіпті, радиусы 1 сантиметрлік миллиард метеориттің құлауында кездесетін бір ғана жағдай", – дейді Зубко.
Сондай-ақ, ол таңғажайып жарқырау 30 секундқа созылғанын атап өтті.
"Құлаған нысан жермен түйіскен кезде жарылыс болуы керек еді. Ал ол жердегі нысанның қирауы үлкен массада – артиллериялық снарядтың массасынан жүздеген есе асып түсетіндей ауыр болуы тиіс", – деп қосты ғалым.
Оқи отырыңыз: Хиросима бомбасынан 10 есе жойқын метеорит жарылды
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Красноярск аспанында метеориттің құлауын куәгерлер түсіріп алған болатын.