Экономика

Ұлттық банк 2, 5 және 10 мың теңгелік банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Абзал КалиевАдамның қолында ақша, архивтегі сурет
Адамның қолында ақша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар 2000, 5000 және 10000 теңгелік ескі банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбастай алады

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк халықтың өтінішін ескеріп, 2006 жылы шығарылған 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін келесі жылдың бірінші ақпанына дейін ұзартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартылды.

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЕскі банкноттар
Ұлттық банк 2, 5 және 10 мың теңгелік банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады - Sputnik Қазақстан
Ескі банкноттар

"Халықтың өтінішімен айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себепке байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген", - деді банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.      

Айта кетсек, қазақстандықтар ескі банкноттарын Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбастай алады. Олардың мекенжайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат банктің сайтында жарияланған.

1 ақпаннан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Жаңалықтар
0