Оқиға

Алматы облысында тасжолда бір топ жас жігіт ұсталды

© Photo : департамент полиции Алматинской областиЗадержание подозреваемых в рэкетирстве в Алматинской области
Задержание подозреваемых в рэкетирстве в Алматинской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейбір мәліметтерге сәйкес, "жол торыған қарақшылардан" миллион доллар көлемінде қолма-қол ақша тәркіленген

ТАЛДЫҚОРҒАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында республикалық тасжолда қарақшылық жасауды кәсіп еткен рэкетирлер тобы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

23 желтоқсанда әлеуметтік желіде арнайы операцияның фотосуреті мен видеосы тарады. Полиция Жамбыл ауданындағы Самсы ауылының маңында болған қарақшылық шабуылға күдіктілерді ұстағаны белгілі болды.

© Photo : Департамент полиции Алматинской области Алматы облысында жол торыған қарақшылар қамауға алынды
Алматы облысында тасжолда бір топ жас жігіт ұсталды - Sputnik Қазақстан
Алматы облысында жол торыған қарақшылар қамауға алынды

Таратылған видео мен фотосуретте қылмыскерлер екі жәбірленушіні пышақпен қорқытып, 1 миллионнан астам АҚШ долларын тартып алғаны туралы ақпарат қоса берілген.

Алматы облысының полициясы ақпаратты растап, қылмыстың ашылғанын және күдіктілер қамауға алынғанын хабарлады.

"Қарақшылық шабуыл бойынша арыз Жамбыл ауданының полициясына келіп түскен. Арыз беруші белгісіз біреулер жол апатын арандатып, пышақпен қорқытып, көлігі мен ақшасын иемденіп алғанын жеткізді", - деп атап өтті Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

© Photo : Департамент полиции Алматинской области Алматы облысында жол торыған қарақшылар қамауға алынды
Алматы облысында тасжолда бір топ жас жігіт ұсталды - Sputnik Қазақстан
Алматы облысында жол торыған қарақшылар қамауға алынды

Полиция арнайы құрылған жедел-тергеу тобы күдіктілерді анықтап, ұстағанын мәлімдеді.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Айғақ заттар алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Жаңалықтар
0