Оқиға

Шымкентте жасөспірім қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

© Sputnik / Владислав ВодневТерезеден қарап тұрған қыз
Терезеден қарап тұрған қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер мектеп оқушысының сегізінші қабат терезесінен құлауына байланысты оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте сегізінші қабат терезесінен құлаған он екі жасар мектеп оқушысы аман қалып, қалалық балалар ауруханасына түсті.

Оқиға 22 желтоқсан күні кешкі сағат 21.30 шамасында болды, деп хабарлайды жергілікті Otyrar.kz порталы.

Тұрғындардың айтуынша, 2008 жылы туған қыз белгісіз себептермен "Шымсити" ықшамауданындағы көпқабатты үйдің сегізінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Түрлі дәрежеде жарақаттанған жасөспірім "Асар" шағынауданындағы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, қандай да бір болжам айтуға бата алмай отыр.

Оқи отырыңыз: Көлігіндегі қарды тазалап тұрған ер адам бір ажалдан аман қалды – видео

Тұрғын үйдегі көршілердің айтуынша, оқиға кезінде баланың ата-анасы пәтерде болмаған. Ал анасының туыстары кәмелет жасқа толмаған баланы қарауы тиіс болған көрінеді.

Шымкент полициясы қыздың неге үлкендердің қарауынсыз қалғандығы, оның ата-анасы қайда болғандығы және оқиғаның қалай өрбігенін анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0