Әлем

Ине жүрекке қадалған: Ресейде өте сирек кездесетін операция жасалды

© Photo : CC0 / Steve BuissinneИне мен түйме
Ине мен түйме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иненің бір бөлігі жүрек қалташасына жеткенде – дәрігерлер үшін хирургиялық әрекет ету қиындаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Амур облысының тұрғыны жүрегіне ине қадалған соң медициналық көмекке жүгінген. Ал ине жүрек қалташасына енгенде оның өміріне қауіп төнген.

Науқас дәрігерлерге төсекте жатқанда инеге кездейсоқ тап болғанын айтқан. Ал тексеру нәтижесінде науқастың кеудесінде екі бөгде зат бары анықталған: нақтылай түссек, иненің екіге бөлінгені белгілі болды.

Сынған иненің бір бөлігі жүрек қалташасына жеткенде – дәрігерлер үшін хирургиялық әрекет ету қиындаған.

"Жүректен ине сынықтарын табу өте қиын болды. Дегенмен, шебер үйлестірілген топтық жұмыстың арқасында дәрігерлер жағдайды еңсере алды. Иненің екі сынығы да алынып, науқас бір аптадан кейін жазылып шықты. Қазір оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", – делінген Амур облыстық клиникалық аурухана сайтында.

Сондай-ақ, аурухана мамандары хирургиялық тәжірибеде мұндай операциялар өте сирек кездесетінін атап өткен.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да сотталушы қасық жұтып, денесіне ине тықты: оқиға немен аяқталды?

Жаңалықтар
0