Өңірлер

Газ орнына су құйған: Ақтауда жанармай бекетінің қулығы әшкере болды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАтокөлікке қызмет көрсету, архивтегі сурет
Атокөлікке қызмет көрсету, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізушінің сөзінше, ол соңғы рет Маңғыстау облысындағы Баққұдық ауылындағы жанармай құю бекетінен газ құйған

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Автокөлік иесі техникалық тексеріс жүргізгенде баллонға сұйық газдың орнына су құйғанына көз жеткізген. Ал бұл факт Ақтаудағы автосервистердің бірінде анықталған, деп хабарлайды аймақтық Lada.kz басылымы.

Ақтау қаласының тұрғыны көлігін тексеруге алып келгенде, механиктер көліктің газ баллонынан су тапқан. Видеода ыдыс краны ашылғанда газбен араласқан суға ұқсас сұйықтық қысыммен ағып жатқаны көрінеді. 

"Біз диагностика жасап баллонды ашқанымызда, ыдысқа газ орнына су құйылғанын анықтадық. Бұл су қозғалтқыштың жұмыс істеу қалпын бүлдіреді. Одан кейін оны ауыстыруға тура келетін еді", – дейді видео авторы. 

Оқи отырыңыз: "Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулық-сұмдығы әшкере болды

Көлік иесінің айтуынша, ол соңғы рет Маңғыстау облысы, Бақұдық ауылы маңындағы жанармай құю бекетінен газ құйған екен.

Жаңалықтар
0