Әлем

Француз әйелін зорлап, үш полицейді өлтіріп, өзін-өзі атып тастады

© AP Photo / Ryan KangПистолет
Пистолет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трагедия 23 желтоқсанда таңертең болды. Франция ішкі істер министрлігінің басшысы оқиға орнына бара жатыр

АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Францияда ер адам әйелін зорлап, үйін өртеп жіберген соң, үш полиция қызметкерін өлтірді.

Тағы бір жандарм жарақат алды, деп жазды РИА Новости.

Ружье, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелін атып өлтіріп, ұлын жарақаттады
Франция ішкі істер министрлігінің басшысы Жеральд Дарманен жандармдарды атқан адамның өлі табылғанын хабарлады.

"Қаскүнем өлі табылды. Мен оқиға орнына бара жатырмын", - деп жазды министр Twitterде.

Оқиға туралы сәрсенбі, 23 желтоқсанда таңертең белгілі болды. Алдымен екі тәртіп сақшысы үйдің шатырына жасырынған әйелді құтқармақ болған, бірақ үйге жақындай бергенде күйеуі оларға оқ атқан.

Олардың біреуі көз жұмды, ал жамбастан жарақат алған екіншісін өрт сөндірушілер Амбер аурухана орталығына жеткізді.

Осыдан кейін ер адам жандармдарға қайтадан оқ жаудырды, салдарынан тағы екі адам қаза тапты.

Жаңалықтар
0