Видео

Астанада Аяз ата мен Ақшақар велошеруі өтті – видео

Жазылу
Елордалықтар Жаңа жыл кейіпкерлерінің киімін киіп, велосипедтерін безендіріп, велошеруге шықты. Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосында

Шараны Velo Lady Astana қоғамдық бірлестігі "Мүгедек жастар қоғамы" бірлесе ұйымдастырды.

Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен шұғылдануға тарту, олардың қоғаммен байланысты нығайтуына жол ашу, тез оңалуына жағдай жасау",  - деді Velo Lady бірлестігі мен Velo Dobro жобасының ұйымдастырушысы Шолпан Жүргенбаева.

Велосипедшілер қауымдастығы жол сапасын арттыру мәселесін үнемі көтереді, деп толықтырды ол.

"Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инфрақұрылым жасалмаған. Біз бұл мәселені қозғағанға дейін кейбір адамдар мүгедектер велосипед тебеді дегенді мүлдем ойламаған. Бізге зағип жандар келеді. Олар велосипед тебе алады. Мүгедектіктің түр-түрі бар. Үш дөңгелекті велосипед тебетіндер бар", - деді Жүргенбаева.

Оның айтуынша, велоспорт көп ақша қажет етпейтін спорт түрі. 

Ерекше шеру туралы видеода толығырақ.

Жаңалықтар
0