Өңірлер

Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады

© Sputnik / Владислав ВодневНоябрьский снегопад в Нур-Султане
Ноябрьский снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік, шығыс пен оңтүстікте қар жаууы мүмкін, бұрқасын жүріп, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Сәрсенбі күні елдің басым бөлігінде антициклон әсері байқалады. Солтүстік, шығыс пен оңтүстікте қар жаууы мүмкін, бұрқасын жүріп, жел күшейеді.

Кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ болады.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетуі ықтимал. Бұрқасын, тұман болады. 

Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облысында тұман, Түркістан облысында - көктайғақ.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада қар жауады, күндіз - 13, түнде - 15. Желдің жылдамдығы секундына 5-9 метрге жетеді. 

Алматыда күн ашық, күндіз - 4 градус, түнде минус 14.

Шымкентте күн алабұлтты, күндіз +3, түнде -6. Жел болмайды.

Жаңалықтар
0