НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда 14-20 желтоқсан аралығында коронавирустан 49 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен аптада COVID-19-дан болған өлім-жітім бойынша антирейтингте Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастаған. Екі мегаполисте бір апта ішінде тиісінше 11 және 8 науқас қайтыс болды. Үшінші орында – Батыс Қазақстан облысы, бұл өңірде алты адам көз жұмды.
Қалған өңірлерде:
- Алматы облысында – 5;
- Атырау облысында – 4;
- Шығыс Қазақстан облысында – 4;
- Павлодар облысында – 3;
- Ақмола облысында – 2;
- Қарағанды облысында – 2;
- Ақтөбе облысында – 1;
- Қостанай облысында – 1;
- Маңғыстау облысында – 1;
- Шымкент қаласында – 1.
Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда COVID-19-дан барлығы 2 196 адам қайтыс болды.