Қоғам

Ескі смартфондардың интернетке қашан қосыла алмай қалатыны айтылды

© Sputnik / Тимур БатыршинСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Гаджеттердің жаңартылған сертификатқа ауысуы ешбір өзгеріссіз жүргізіледі және құрылғылардың 2024 жылға дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді

АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Android операциялық жүйесінің ескі нұсқасында жұмыс істеп тұрған смартфондар мен планшеттер әрі қарай да сайттарға кіруге мүмкіндік алды. Бұл туралы сертификаттаудың ең ірі орталығының бірі Let's Encrypt хабарлады.

Бұған дейін компания IdenTrust сертификатының жазылу уақыты аяқталуына байланысты Android гаджеттерін пайдаланушылардың 34%-ке жуығы 2021 жылдың қыркүйегіне дейін қазіргі сайттардың біраз бөлігін аша алмайтынын ескерткен болатын. Әңгіме 7.1 версияны қолданатын Android смартфондары мен планшеттері туралы болып отыр.

Let's Encrypt бұл мәселенің шешімін тапты. Ендігі жерде гаджеттердің жаңартылған сертификатқа ауысуы ешбір өзгеріссіз жүргізіледі. Тіпті, оны пайдаланушылар байқамай да қалады.

Оқи отырыңыз: Тұрғымбаев полиция кімдерді смартфон арқылы бақылайтынын айтты

Осылайша, құрылғылардың 2024 жылға дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Алайда сарапшылар ол уақытқа дейін смартфонды ауыстыруға кеңес берді.

Жаңалықтар
0