Қоғам

Шымкентте әйелді зорламақ болған ер адаммен селфиге түскен полицей өз жұмысынан айырылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция департаменті суреттің күдіктіні полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде қызметтік көлікте түсірілгенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте үйдің кіреберісінде зейнеткерді зорламақ болған күдіктімен селфи жасаған полицей өз лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Шымкент полициясы ауыр қылмыс жасаған күдіктімен селфиге  түскен полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталғанын айтқан еді.

"Сурет күдіктіні полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде қызметтік көлікте түсірілген. Департамент басшылығы учаскелік инспектордың бұл әрекетін офицерге лайықсыз деп бағалады", - делінген хабарламада.

Қызметтік тексеріс нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен полицей қызметтік дисциплинаны бұзғаны және Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін лауазымынан босатылды.

Еске салсақ, Шымкентте үйдің кіреберісінде ер адамның әйелді есінен тандырып, оны зорламақ болған сәті видеоға түсіп қалған еді. Оқиға 17 желтоқсан күні болған.

Полиция күдіктіні ұстады. Ол Шымкент қаласының 1985 жылғы тұрғыны.

Тергеу кезінде ер адам әйелдің күртешесінен 8 мың теңгеге жуық ақшаны алып кеткені де анықталды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады.

Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Қылмысы дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0