Елорда тынысы

Бүгін Қазақстан астанасында барлық шыршаның шамы жағылады

© Sputnik / Владислав ВодневШырша
Шырша  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада "Үйдегі шыршаны безендіру" флешмобы басталады, оған кез келген адам фото немесе видео түсіру арқылы қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бүгін, 22 желтоқсанда қаладағы жаңажылдық шыршалардың шамы жағылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"22 желтоқсан сағат 20:00-де Нұр-Сұлтанда қаланың барлық жаңажылдық шыршасы жанады. Қала аумағында олардың саны 30-дан асады. Карантинге байланысты азаматтар іс-шараларға жаппай қатыспағаны, санитарлық нормаларды қатаң сақтағаны дұрыс",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "Үйдегі шыршаны безендіру" флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсан сағат 20.00-де өз үйіндегі шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды. 

Кез-келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.

Бұдан бөлек, Жаңа жыл қарсаңында елордалықтар үшін бейнеқұттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, отандық эстрада жұлдыздары, әртістер және тағы басқалары қатысады.

Жаңалықтар
0