АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы жеке үйлердің бірінде екі бала құдыққа құлап, көз жұмды.
Алты және он бір жастағы ағайынды екі баланың қазасына байланысты аудан полициясы тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Хабар24 арнасы.
Қайғылы оқиға дүйсенбі күні түстен кейін болды. Оқиға болған кезде құдықтағы су деңгейі 1,8 метрден аспаған, алайда бұл тереңдіктен екі бала өз бетінше шыға алмаған.
Оқи отырыңыз: "Су мұздай болды" Астанада оқушы құдыққа құлаған баланы құтқарып қалды
Қазір тергеу бөлімінің қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды.