Қоғам

Коронавирусқа қатысты жаңа мәлімет: Нұр-Сұлтанда ауырғандар саны күрт өсті

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на заснеженной улице
Люди в масках на заснеженной улице  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан облысы бір тәулік ішінде есепке алынған науқастардың саны жағынан көш бастады

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 739 науқас тіркелді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 106,
  • Алматы қаласы – 80,
  • Шымкент қаласы – 5,
  • Ақмола облысы – 56,
  • Ақтөбе облысы – 5,
  • Алматы облысы – 40,
  • Атырау облысы – 62,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 75,
  • Жамбыл облысы – 10,
  • Батыс Қазақстан облысы – 45,
  • Қарағанды облысы – 34,
  • Қостанай облысы – 65,
  • Қызылорда облысы – 4,
  • Маңғыстау облысы – 17,
  • Павлодар облысы – 68,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 62,
  • Түркістан облысы – 5.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 147 975. Коронавирустан барлығы 132 427 науқас жазылып шықты, 2 147 адам қайтыс болды. 

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырғандар саны күрт өсіп отыр, бір күн бұрын елордада 58 адамнан вирус табылғаны хабарланған болатын. 

Еске сала кетейік, 21 желтоқсанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасы өндіріле бастады. Кәсіпорынға премьер-министр Асқар Мамин барды. Шығарылған вакцинаның сынақ партиясы Ресейге тексеруге жіберілді.

Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын егу ақпан айында басталатыны белгілі болды.  
 

Жаңалықтар
0