Әлем

Андрей Стенин атындағы байқауға өтінім қабылдау басталды

© Sputnik / Василий МаксимовСпециальный фотокорреспондент МИА "Россия сегодня" Андрей Стенин
Специальный фотокорреспондент МИА Россия сегодня Андрей Стенин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Россия сегодня" ХАА ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистика міндеттеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған

АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде Андрей Стенин атындағы халықаралық жетінші фотожурналистика байқауы басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жас фоторепортерлердің өтінімін қабылдау дәстүр бойынша "Россия сегодня" медиа тобының арнайы фототілшісінің туған күнінде басталды.

18-33 жас аралығындағы кәсіби фотографтар stenincontest.ru сайты арқылы орыс, ағылшын және қытай тілдерінде өтінім бере алады. Байқауда үміткерлер "Басты жаңалықтар", "Спорт", "Менің ғаламшарым", "Портрет. Біздің заманның батыры" номинациясы бойынша бақ сынайды. Қатысушылар барлық номинация бойынша бір жұмыстан "Жалғыз фото" және "Серия" санаты бойынша өтініш бере алады. Жұмыстарды қабылдау 2021 жылдың 28 ақпанына дейін жалғасады.

Снимок испанского фотографа Луиса Тато Теракт в отеле DusitD2, получивший главную награду конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
Фото
Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2020 жылғы үздік суреттері анықталды
2021 жылы байқаудың жүлде қоры әр номинациядағы бірінші, екінші және үшінші орын үшін 125 000, 100 000 және 75 000 рубльді құрайды.

Стенин атындағы байқаудың ең жоғары марапатының иегері 700 000 рубль алады.

Жас фототілшілер үшін өз жұмысын ресейлік және халықаралық алаңдарда көрсету мүмкіндігі де маңызды болмақ. Байқау лауреаттарының көрме туры байқаудың ажырамас бөлігіне айналған және Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Африка, Таяу Шығыстағы бірнеше ондаған қалаларды қамтиды.

2018 жылдан бастап байқаудың экспозициялық алаңының қатарына Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорк штаб-пәтері кіреді. 2019 жылдан бастап байқау көрмелері Страсбургтегі Еуропа кеңесінде өтеді.

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауының кураторы, "Россия сегодня" медиа тобының визуалды жобалар қызметінің жетекшісі Оксана Олейник байқаудың басталуы туралы ойын айтты.

"Байқаудың кезекті рет басталғанын жариялау арқылы кәсіби адреналин аламыз. Бұл жаңа туындылардың, жаңа есімдердің, жаңалықтардың ашылатынын қуана қабылдау кезеңі. Биыл байқаудың бүкіл әлем үшін қиын  COVID-19 пандемиясы кезінде басталуы да символдық сипатқа ие. Бұл қалыптасқан дағдыларды, жұмыстың жаңа қырын ашады, алайда олар кәсіпқойлық, жаңа дүниеге деген ұмтылыс, идеяларын бөлісу секілді негізгі құндылықтарды өзгерте алмайды. Біздің байқауда барлығы жоспар бойынша өтеді. Біздің қатысушыларымыздың да солай екеніне сенімдіміз. Біз олардан жаңа жұмыстар, жаңа дүние, жаңа тақырыптар күтеміз. Әрине, оларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!", - деді Оксана Олейник.

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы 2020 жылы ірі ресейлік және халықаралық БАҚ, ақпарат агенттіктері мен фотоқауымдастықтың қолдауымен өтті. Біріккен Шанхай медиа тобы, "Чайна Дейли" газетінің интернет-порталы, Әл-Маядин ТВ араб ақпарат холдингі, Халықаралық қызыл крест комитеті бірнеше номинацияның серіктесі болды.

Байқау жайлы

Ресей Федерациясының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистика міндетіне қоғам назарын аударуға бағытталған.

Бұл – талантты, жаңашылдыққа құмар әрі біздің жанымызда болып жатқан жағдайларға адамдардың назарын аудара алатын жас фотографтарды біріктіретін алаң.

Байқаудың бас ақпараттық серіктесі – "Россия-культура" ресейлік мемлекеттік телеарнасы, "Москва 24" телеарнасы, Вести.Ru ақпарат-жаңалықтар порталы.

Оқи отырыңыз: Философияға толы портреттер: байқау жеңімпаздары анықталды - фото

Байқаудың халықаралық ақпараттық серіктесі Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосы, RT телеарнасы мен порталы, Askanews ақпарат агенттігі, Independent Media медиахолдингі, Notimex ақпарат агенттігі, ANA жаңалықтар агенттігі, RT телеарнасы және порталы, Shanghai United Media Group (SUMG), China Daily газетінің интернет-порталы, The Paper интернет-порталы, Al Mayadeen медиа желісі, Prensa Latina ақпарат агенттігі, News1 ақпарат агенттігі, DBW интернет-порталы, brasil247 жаңалықтар порталы болды.

Салалық серіктестер қатарында байқауға "National Geographic Россия" журналы, Russian Photo порталы, Photo-study.ru порталы, "Академия фотографии" фотомектебі, YOung JOurnalists ақпарат порталы, Fotoargenta журналы, Нью-Дели фотожурналистика клубы, Enfoque Visual журналы, LF журналы, All about Photo интернет-порталы, PhotON халықаралық алаңы қолдау көрсетті.

Жаңалықтар
0