Өңірлер

Алматыда ер адам әкімдікке өштесіп, саябақтағы орындықты сындырды – видео

© Sputnik / Серикжан КовланбаевУлица Панфилова в Алматы
Улица Панфилова в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл жағдайға қатысы бар деген күдікпен 1992 жылы туған ер адам ұсталды, деп хабарлады Алматы полиция департаменті

АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Интернетте Алматы көшелерінің бірінде ағаш алып бара жатқан ер адам туралы  видео тарады. Желі қолданушыларының айтуынша, ол "Қарасу" шағын ауданындағы жаңа саябақтағы орындықты сындырған.

Видео авторы жас жігітті тоқтатып, ағашты қайдан және не үшін алғанын сұрайды. Өзін Жасұлан деп таныстырған азамат оны үйіне апара жатқанын айтады.

Telegram каналдағы ақпарат бойынша, биыл ол жерде саябақ ашылып, жарық тартылып, орындықтар қойылған. Ал ер адам әкімдік көмектеспегендіктен, ағаш пен көмірдің орнын осылай толтыратынын айтқан.  

Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдайға қатысы бар деген күдікпен 1992 жылы туған ер адам анықталды. Ол кінәсін мойындады.

Іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Жаңалықтар
0