АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Алматының Түрксіб ауданындағы Айша бибі көшесінде сейсенбі кешке жол апаты болды, деп хабарлады құқыққорғау органдары Sputnik Қазақстанға.
Оқиға куәгерлері Mercedes С-класс көлігі оңтүстік бағытқа қарай қозғалып бара жатқанын айтты. Кейін жүргізуші түсініксіз себеппен жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Ол жолдың шетінде келе жатқан әйелді қағып кетті. Бұдан соң газ құбырының екі тірегіне соғылып, аударылды. Бұл уақытта солтүстік бағыттан Mercedes ML келе жатқан. Аударылған көлік осы автомобильге де соғылды.
© Sputnik / СтрингерMercedes С-класс көлігі оңтүстік бағытқа қарай қозғалып бара жатқан
Mercedes С-класс көлігі оңтүстік бағытқа қарай қозғалып бара жатқан
© Sputnik / Стрингер
1980 жылы туған әйел алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Екі жүргізуші де аман.
© Sputnik / СтрингерАйша бибі көшесіндегі жол апаты
Айша бибі көшесіндегі жол апаты
© Sputnik / Стрингер