Қоғам

Ұйқысыздық пайда болады: қандай өнімдерден бас тартқан жөн

© pixabayШум мешает спать
Шум мешает спать - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Майлы, ащы тағам салдарынан қыжыл пайда болып, ұйықтау қиындайды. Ұйықтар алдында айран ішіп, шие, асжапырақ, пісте жемісі, палтус жеген жөн

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан — Sputnik. Ұйқының сапасына әсер ететін өнімдер аталды. Дәрігер Елена Малышева ұйқысыздықтан зардап шегіп жүрген адамдарға, ең алдымен, алкогольден бас тартуға кеңес берді.

Сондай-ақ, кофе де ұйқы режиміне кері әсерін тигізеді.

"Біріншіден, ол әлсіз психостимулятор, екіншіден, несеп айдайғыш болып табылады. Сіз ұйықтап, қайта ояна бересіз. Өйткені 20 минут сайын дәретханаға барғыңыз келеді", - деді ол бағдарлама барысында. 

Майлы, ащы тағам салдарынан қыжыл пайда болып, ұйықтау қиындайды.

"Егер ұйқыңыз бұзылса, тағам мәзіріне ден қойыңыз", - деді дәрігер.

Ұйықтар алдында айран ішіп, шие, асжапырақ, пісте жемісі, палтус жеген жөн. 

Жаңалықтар
0