Оқиға

Шығыс Қазақстанда пәтерден 3 мәйіт табылды: қылмыстың мән-жайы

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде бұл оқиға көшеде болды деген ақпарат тарады. Алайда полиция бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады

АЛМАТЫ, 21 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында көп қабатты үйдің бірінде үш ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, атыс қаруы қолданылған. Оқиға 21 желтоқсанда болды. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, кінәлі адам (қайтыс болғандардың бірі) қылмыс жасағаннан кейін өзін өлтірген. Қайтыс болған адамдардың жеке басы анықталды, олар Курчатов қаласының тұрғындары", - деді ШҚО полиция бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі терегу басталды. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды. 

Әлеуметтік желіде бұл оқиға қала көшелерінің бірінде болды деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Жаңалықтар
0