Экономика

Қаржы вице-министрі ұсталды ма – Бектенов жауап берді

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте журналистер әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов вице-министр ұсталды ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте журналистер әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растауды сұрады. "Жақында әлеуметтік желілерде қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Осы ақпарат рас па? Шын болса, вице-министр қандай қылмыстық іс бойынша ұсталды? Не үшін айыпталып отыр?", - деді тілшілер.

Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту заңнамасына арналған брифингте қылмыстық істер туралы айтқысы келмейтінін жеткізді. Бірақ вице-министрдің ұсталғаны жоққа шығарған да жоқ. 

"Бүгін нақты бір қылмыстық істер мен тергеу шараларына қатысты пікір білдіргім келіп тұрған жоқ. Оның үстіне Қылмыстық-процессуалды кодекстің 201-бабында көрсетілген талаптар (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтерін жария етуге жол бермеу - Sputnik) бар. Сондықтан қазіргі кезде ақпарат жариялауға жатпайды", - деді Бектенов.

"Демек, вице-министр ұсталды ма?", - деп сұрады журналистер. Бектенов: "Мен дәл қазір осы мәселеге қатысты пікір айта алмаймын", - деп қысқа ғана жауап қайырды.

Жаңалықтар
0