Видео

Қарағандыда COVID-19-ға қарсы вакцина өндіріле бастады – видео

Жазылу
Қарағанды фармацевтикалық кешенінде ресейлік "Спутник V" вакцинасы шығарыла бастады. Зауытта премьер-министр Асқар Мамин болып қайтты

Кешен директоры Сергей Баронның айтуынша, қызметкерлер препаратты шығаруға әзір. 

"Біз Қазақстандағы өзге фармацевтикалық компаниялармен салыстырғанда, мұндай өзгеріске дайын болдық. Вакцина - биотехнологиялық өнім, сондықтан өндіріс үрдісі біздікі және біздің мамандар жұмыс істейді. Вакцина өндіруге дайынбыз", - деді Сергей Барон.

Кешен базасында кезең-кезеңмен 2 миллион дозаға дейін вакцина шығарылады.

"Қазақстанда шығарылған "Спутник V" жаппай вакцинациясы 2021 жылдың ақпан айында басталады", - деді Асқар Мамин.

Толығырақ видеода.

Жаңалықтар
0