Оқиға

Алматыда опа-далап сақталған қоймаға қарақшылық шабуыл жасалды

© PhotoГрабитель, кража, взлом
Грабитель, кража, взлом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталғандардың бірі осы компанияда экспедитор болып жұмыс істейтін болып шықты. Соған байланысты олар күзетшіні оңай алдап кеткен

АЛМАТЫ, 21 желтоқсан – Sputnik. Алматыда опа-далап сақталған қоймаға қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, "Ақжар" шағын ауданында орналасқан қоймаға төрт адам ұрлыққа түскен. Оқиға түнгі он бір шамасында болды.

"Қарақшылар өздерін тексеруші күзет компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, ғимаратқа алдау жолы арқылы кірген. Күзетші ештеңеден күдіктенбеген, есікті ашып берген. Ал қарақшылар ішінде сегіз миллион теңгеге жуық ақша тұрған сейфті алуға ұмтылған", - дейді Наурызбай ауданы полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Олар ғимарат ішіне кіргеннен кейін ақшамен қатар бірнеше қорап косметика алып кеткен.

Күзетші ұрылар оқиға орнынан бой тасалағаннан кейін дабыл қаққан.

Полицияның хабарлауынша, аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Полиция күдіктілерді ұстады. Төрт адамның үшеуі – Алматы облысының тұрғыны, бір адам Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны.

Оқи отырыңыз: Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасағандардың барлығы  ұсталды 

Қарақшылық ұйымдастырған топтағылардың ең үлкені 32 жаста, кішісі 20 жаста. Бұған дейін ешқайсысы қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Полицияның мәліметінше, күдіктілерді полиция департаменті арнайы жасағының қызметкерлері қолға түсірді. Олар мінген көлік қалаға кіреберісте тоқтатылған.

Ал олар ұрланған сейфті бірден жасырып кеткен, екі күннен кейін әкететін болып келіскен.  

"Ұсталғандардың бірі осы компанияда экспедитор болып жұмыс істейді. Ол жолдастарын компания табысын білген соң алып келген. Соған байланысты олар күзетшіні оңай алдап кеткен", - деп түйіндеді Аханов.

Жаңалықтар
0