Қоғам

"Теңіз" кенішіндегі коронавирус: Тоқаев ТШО басшысымен кездесті  

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және "Теңізшевройл" ЖШС-ның бас директоры Имер Боннер
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және  Теңізшевройл ЖШС-ның бас директоры Имер Боннер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Теңізшевройл" ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Боннер Тоқаевқа "Теңізшевройл" компаниясының өндіріс орындары мен "Теңіз" кенішіндегі короновирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндады.

Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.

Мемлекет басшысы "Теңізшевройл" компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Тоқаев Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Тағы оқыңыз: Коронавирус тағы өршіді: Теңіз кенішіне бір топ дәрігер жіберілді

Бұған дейін 2021 жылдың 1 ақпанынан ТШО-ның қазіргі бас директоры Имер Боннер Chevron техникалық орталығының президенті лауазымына ауысатыны және Chevron корпорациясының технологиялар жөніндегі бас директоры болатыны хабарланған еді.

Боннер "Теңізшевройл" ЖШС бас директоры қызметін 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бері атқарады.

Айта кетсек, "Теңіз" кеніші орналасқан Атырау облысында тәулік ішінде 49 адамда коронавирус анықталды. Қазіргі таңда "Теңіз" кенішіндегі инфекциялық стационарда 342 адам жатыр, 228 науқас үйінде емделуде, облыстық инфекциялық стационарда – 86 пациент, ал аудандық инфекциялық стационарларда 13 адам жатыр, деп хабарлайды өңірлік ATPress басылымы.

8 желтоқсаннан Теңізде карантин күшейтілді.

Жаңалықтар
0