Қоғам

Қазақстанда өндірілген "Спутник V" вакцинасы Ресейге тексеруге жіберілді  

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуВакцина от COVID-19 российского производства Спутник V
Вакцина от COVID-19 российского производства Спутник V - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік "Спутник V" вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі 2021 жылдың қаңтарында басталады деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды ​​фармацевтикалық зауытында өндірілген 6000 доза мөлшеріндегі "Спутник V" вакцинасының тәжірибелік партиясы Ресейге тексеруге жіберілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қарағанды ​​фармацевтикалық зауытында шығарылған алты мың доза мөлшеріндегі "Спутник V" вакцинасының тәжірибелік партиясы Ресей Федерациясына сапасын тексеруге жіберілді. Вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі 2021 жылдың қаңтарында басталады деп жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Ай сайын кем дегенде 300 мың доза өндіру жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қазақстан премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінде болып, "Спутник V" вакцинасы өндірісін іске қосты.

Кешен базасында екі миллион доза вакцина кезең-кезеңімен шығарылады.

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация 2021 жылдың ақпан айында басталады

Қазақстанда өндірілген "Спутник V" вакцинасын жаппай егу 2021 жылдың ақпанында басталады.  

Бірінші кезекте медициналық қызметкерлерге, педагогтарға, студенттерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, медициналық-әлеуметтік мекемелер контингентіне, сондай-ақ созылмалы ауруларға шалдыққан тәуекел топтарының өкілдеріне ерікті түрде вакцинация жасалады.

Жаңалықтар
0