Қоғам

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация 2021 жылдың ақпан айында басталады

© AFP 2024 / JOEL SAGETДәрігер қолындағы вакцина мен шприц
Дәрігер қолындағы вакцина мен шприц  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды фармацевтикалық кешен базасында кезең-кезеңмен "Спутник V" вакцинасының 2 миллион дозасы өндіріледі

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықты іске асыру аясында "Спутник V" вакцинасын өндіруді бастап берді. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 миллион доза вакцина өндіріледі.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанда өндірілген "Спутник V"-мен жаппай вакцинация 2021 жылдың ақпан айында басталады.

"Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтың өкілдеріне салынады", – деді Мамин.

Сондай-ақ, үкімет басшысы өз сөзінде Қазақстанда "Спутник V" вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің маңызы ерекше екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Президент коронавирусқа қарсы вакцина қашан шығарыла бастайтынын айтты

Жаңалықтар
0