Қоғам

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны қашан шығады

Жазылу
Ақ-қара форматында түсірілген бейнебаян үзіндісінен қазақстандық әншінің драмалық рөлде көрінетінін байқауға болады

АЛМАТЫ, 21 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Мен сені сағынып жүрмін" әніне түсірілген жаңа бейнебаяны 23 желтоқсанда жарыққа шығады.

Бейнебаянды әншінің YouTube каналынан көруге болады. Бұл туралы Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жазды.

"Dears (әншінің жанкүйерлерін осылай атайды – Sputnik), менің жаңа бейнебаянымның премьерасы 23 желтоқсанда YouTube каналымда өтеді. Жіберіп алмаңыздар", – деп жазды Құдайберген.

Әнші ақ-қара форматында түсірілген видеодан үзінді жариялады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Айта кетейік, әнін композитор Игорь Крутой, сөзін Игорь Николаев жазған "Мен сені сағынып жүрмін" әнінің тұсаукесері Мәскеуде өткен болатын.

Бейнебаянда әнші драмалық образда көрінеді. Қаңырап қалған қала ішінде портреттегі қызға сезімін білдіреді.

Оқи отырыңыз: "Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті

Ал әншінің жанкүйерлері жаңа бейнебаянды асыға күтіп жүргенін жарыса жазып жатыр.

Жаңалықтар
0