НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 652 науқас тіркелді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 58,
- Алматы қаласы – 72,
- Ақмола облысы – 58,
- Ақтөбе облысы – 6
- Алматы облысы – 41,
- Атырау облысы – 49,
- Шығыс Қазақстан облысы – 68
- Жамбыл облысы – 8,
- Батыс Қазақстан облысы – 40,
- Қарағанды облысы – 30,
- Қостанай облысы – 65,
- Қызылорда облысы – 1,
- Маңғыстау облысы – 13,
- Павлодар облысы – 75,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 63,
- Түркістан облысы – 5.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 147 236. 131 606 науқас сауығып шықты, 2 147-сі көз жұмды.
Бұған дейін хабарланғандай, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 25 желтоқсаннан бастап 5 қаңтарға дейін шектеу шараларын күшейтуге шешім қабылдады. Осы уақыт ішінде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ комиссия отырысында бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендетуге тапсырма берілді.