Қоғам

Игерілмей қалған гранттар қайта бөлінді – тізім жарияланды

© Photo : vidhyarthidarpanСтуденты на занятиях
Студенты на занятиях  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағдарлама оңтүстіктегі жастарды солтүстік және шығыс өңірлерге тартып, жұмысқа орналастыруға арналған. 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда "Серпін" бағдарламасы бойынша грантқа ие болғандар тізімі жарияланды. Бұл гранттар 2020-2021 оқу жылына грант бөлген кезде игерілмеген болатын. 

Бағдарлама оңтүстіктегі жастарды солтүстік және шығыс өңірлерге тартуға арналған. 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жыл сайын "Серпін" бойынша бес мың грант бөлінеді. 

Білім және ғылым министрлігі бағдарлама бойынша алғашқы түлектер 2018 жылы шыққанын айтты. Ол кезде 931 студент оқуды тәмамдады. 

Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясына байланысты қазақстандық студенттер онлайн оқу форматына көшті. Олар қысқы сессияны Жаңа жылға дейін тапсырады.

Жаңалықтар
0