Қоғам

Қазақстанда карантин күшейтіледі

© Sputnik / Елена БережнаяВрач и полицейский близ блокпоста общаются с водителем автомобиля
Врач и полицейский близ блокпоста общаются с водителем автомобиля  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министр төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін шектеу шаралары күшейтіледі. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешімге келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Келесі жылы қаңтар-ақпан айларында ЖРВИ мен тұмауға шалдығу жиілейтініне байланысты коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейінің арту қаупі бар, делінген үкіметтің ресми сайтында.

Осыған байланысты бірқатар шешім қабылданды:

  • 2020 жылдың 25 желтоқсанынан 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады;
  • Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін "Теңіз" кен орнында шектеу шаралары күшейтіледі;
  • Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылдау.

Бес өңір жоғары және орташа тәуекел аймақтарында орналасқаны айтылған. Олар: Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары.

Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пунктерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне назар аударды.

Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда 652 науқас тіркелді. Павлодар облысы бір тәулік ішінде есепке алынған науқастардың саны жағынан көш бастады. Одан кейінгі орындарда Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 146 584.

Жаңалықтар
0